Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Президент Сингапурдың аға министрімен кездесті

AstanaTV
28.09.2016ж. 20:00
2391
Президент Сингапурдың аға министрімен кездесті

Қазақстан-Сингапур ынтымақтастығы нығая түспек. Бүгін Мемлекет басшысы Ақордада Сингапурдың құрметті аға министрі, Парламент мүшесі Го Чок Тонгті қабылдады. Кездесуде экономиканың түрлі салаларындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері жан-жақты талқыланды.

Го Чок Тонг Қазақстанға шақырғаны және көрсеткен қонақжайлығы үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғысын білдірді. Президент Сингапурдың инновация, технология және қаржы саласындағы тәжірибесі Қазақстан үшін аса бағалы екенін атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Мен Сингапурдың даму жолын жақсы білемін. Біздің жиырма бес жылдағы мемлекетті құру жолындағы қиындықтарымыз көп жағдайда ұқсас. Осыған байланысты түрлі бағдарламалар мен стратегиялар әзірлеу және іске асыру барысында, атап айтқанда, индустриализациялау, инфраструктура, білім және денсаулық салаларында сіздің елдің тәжірибесін мұқият зерделеп отырамыз. 

С. ОМАШ