$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қазақстан 1 млрд 170 млн еуробонд шығарады

AstanaTV
31.10.2018ж. 20:00
2393
Қазақстан 1 млрд 170 млн еуробонд шығарады

Қазақстан Лондон мен Астана биржасына еуробонд шығарады. Ол 1 млрд 170 млн еуро көлемінде болады деген жоспар бар. Бұл туралы Қаржы министрі Әлихан Смаилов мәлімдеді. Пайыздық үстемесі әзірге белгісіз. Сұранысқа қарай анықталады. Қазірігі уақытта Еуропада «Road show» жүріп жатыр. Бір-екі аптада бұл жұмыс аяқталады.  

Әлихан СМАЙЫЛОВ, ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРІ:   

Дәл қазір біз неге Еуропаға шығып жатырмыз? Сол жерде пайыздық үстеме төмен болып жатыр. Қарызға алатын ақшаны арзанырақ алғымыз келіп отыр. Сондықтан, еуроға шығып жатырмыз.

Биыл Қазақстан бюджетінің тапшылығы 1,5 пайызды құрады. Ол 995 млрд теңге. Бұл қажеттілікті жабу үшін сырттан қарыз алуға тура келеді. АҚШ Федералды қор жүйесі доллармен берілетін қарыз пайызын 2,5-ға өсіріп жіберді. Бұл кезде Еуропа орталық банкі еуроның пайыздық үстемесін 0,4 -пен ұстап тұр. Ол жазға дейін тұрақты болатынына кепілдік берген еді.  

М. Дюсекина