Ақтөбеде тоқсан жылдық тарихы бар балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы сенімгерлік басқаруға берілмек. Бұған қарсы болған ата-аналар бүгін шығармашылық орталықтың алдында наразылық білдірді. Олар жеке қолға өтсе, дарынды балаларымен жақсы жетістіктерге жетіп отырған орталық жұмысының мәзі кетеді қорқады. Бұл орталыққа келер жылы 90 жыл болады. Қазір орталықта 71 үйірмеде бір мыңнан астам бала дайындалады. Оқушылардың тең жартысы тегін оқиды. Аз қамтылған отбасылар мен көп балалы отбасыларға жеңілдіктер қарастырылған. Балалар үйірмеге айына екі жарым, үш мың теңге төлейді. Ата-аналар жекеге өтсе мұндай жеңілдіктер болмайды деп қорқады.
Клара ҚҰРМАЛОВА, АТА-АНА:
Мына бүкіл ата-аналар қарапайым адамдар қалтасы қалың емес. Частныйға өтсе, қалтамыз көтермейді. Бұлар өз жағдайын жасайды. Бүкіл ата-аналар атынан өтініш, біз мемлекетте қалғанын қалаймыз.
Гүлжамал ШЕРКАСОВА, АТА-АНА:
Менің негізгі қарсылығым осы жерде бесплатно оқитын балалар бар. Олардың барлығы далаға кетеді. Бала деген өз жағдайынан айырылып қалады. Потому что, мен берермін жиырма мың, мына кісі берер. Ал, бір үйде үш баласы оқитындар баласының біреуін оқытар, екеуі далада жүреді. Темекі тартады, арақ ішеді ертең. Соны ойлайықшы!
Ал, 110 жылдық ғимаратқа ешқандай жөндеу қажет емес. Осылай деген мекеме директоры сенімгерлік басқаруға берілмес бұрын орталықтың артықшылықтары ескерілсе дейді.
Альфия НИГМАТУЛЛИНА, АҚТӨБЕ ҚАЛАЛЫҚ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
Қалалық маслихаттың сессиясында біздің орталықты сенімгерлік басқаруға беру туралы ұсыныс болған. Біздің орталықтың табысты еңбегі балалардың қаншама жеңістері бар, гран-прилер, жақсы нәтижелер солар ескеріледі деп ойлаймын. Ғимараттың өзі елдегі тарихи орын. Сенімгерлік басқаруға бермейді деп ойлаймын.
Б. Рахметова