$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Мұнай экспортынан түскен пайда 45 пайызға өсті

AstanaTV
09.11.2018ж. 20:00
7039
Мұнай экспортынан түскен пайда 45 пайызға өсті

Мұнай экспортынан түскен пайда 45 пайызға өсті. Қазақстан 9 айда 46 жарым миллион шикі мұнайды шетелдіктерге 24 миллиард долларға сатқан. «LS» порталы осындай ақпарат келтірді. Осылайша, қара алтынның жалпы құны өткен жылдың 7 айымен салыстырғанда 45 пайызға жоғары болып отыр. Қазақ жерінің мұнайын негізінен Италия сатып алған. Шамамен 14 млн тонна мұнай 7,3 млрд долларға бағаланыпты. Нидерланды 7 млн тоннадай шикізатқа 3,6 млрд АҚШ ақшасын жұмсаған. Қазақстан мұнайын негізінен Еуропа елдері сатып алған. Миллиардтарын жұмсағандардың ішінде Оңтүстік Корея бар. Қытай мен Жапония да аз болса да Қазақстан шикізатын импорттаған.  

Г. Меңдеева