Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Қарағандыда 2 жасар бүлдіршінді тұншықтырған тәрбиешіге қатысты сот басталды

AstanaTV
09.11.2018ж. 20:00
2628
Қарағандыда 2 жасар бүлдіршінді тұншықтырған тәрбиешіге қатысты сот басталды

Теміртауда 2 жасар бүлдіршінді тұншықтырған тәрбиешіге қатысты сот басталды. Ел тұрғындарын дүрліктірген оқиғаны облыстық кәмелеттік жасқа толмағандар ісі бойынша мамандандырылған сот қарап жатыр. 50 жастағы тәрбиеші «Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеуде өз міндеттерін орындамау және қатыгездік таныту» бабымен айыпталып отыр. Енді ол 300 АЕК көлемінде айыппұл төлеп, қоғамдық жұмысқа жегілуі немесе 75 күнге қамалуы мүмкін. Алайда, бүлдіршіннің анасы жазаның тым жеңілдігін айтып, қатыгез педагогты соттауды сұрайды. Басқа да ата-аналардан жауап алынады. Тіпті, қоқынышты көріністі 4 ай бойы телефонда сақтаған тәрбиешінің көмекшісі де куәгер ретінде шақырылған.  

Анна БАРКАЛАЯ, ЖАПА ШЕГУШІНІҢ АНАСЫ: 

Баланың ұйқысы нашар. Қатыгездік пайда болған. Әркімнен өзін қорғағысы келеді де тұрады. Мазасыз. Бірақ, тым кішкентай болғандықтан оны дәлелдей алмай отырмыз. Баланы тұншықтыруға болады. Ал, кінәлі адамды жауапқа тарту қиын екен. Біз Нананың психикалық соққы алғанын дәлелдеу үшін тек бір жыл өткен соң ғана психиатриялық емханаға оны 1 ай бойы жатқызып, емдетуіміз керек екен. Бұл дұрыс емес. Тәрбиешіні соттау керек деп есептеймін.

Еске салсақ, тамыз айында 2 жасар бүлдіршінді балабақшада көрпемен тұншықтырып жатқан тәрбиешінің видеосы әлеуметтік желілерде лезде тарап, үлкен шу туғызған еді. Кейін оқиғаны оның көмекшісі түсіріп алып, балабақша директорын бопсалағаны анықталған.  

А. Қуаш