Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

М. Әшімбаев Президентті жеңіске жетелеген үш қасиетін атады

AstanaTV
27.11.2018ж. 20:00
2014
М. Әшімбаев Президентті жеңіске жетелеген үш қасиетін атады

Елбасының көпке үлгі болған үш қасиеті. «Нұр Отан» Партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев жастарға жетістікке жету үшін не істеу керегін тайға таңба басқандай түсіндіріп берді. Жастарды жігерлендірген «Nur Otan Talks» кездесуі туралы тілші тарқатады.  

Бүгін «Nur Otan Talks» алаңында Мәулен Әшімбаев басқаша сөз бастады. Барынша ашық формат, барынша түсінікті тіл. Ол Президенттің көпке үлгі болған үш қасиетін диалог айдынында айтты. 

Мәулен ӘШІМБАЕВ, «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:  

Шыныменде мен біраз жыл бойы Елбасының қасында жұмыс істегенім үлкен тәжірбие болды. Әрине, қазір де «Нұр Отан» партиясындағы қызметімде де Елбасы тапсырмаларын жүзеге асыру үшін жұмыс істеп жатырмын. Мен Елбасын жеңіске жетелеген үш қасиеті туралы сіздерге айтып бергім келеді. Бұл келешекте сіздерге өте қажет деп білемін. Біріншіден, мені жігерлендірген ол кісінің өзін-өзі жетілдіру бағытындағы ізденісі, әрқашан өзімен жұмыс істейтін, ізденіс үстінде болатыны. Әрқашан оқу керек. Екінші, қасиеті-ол талап. Үшінші-жеңіс күші. Әр кездесуге деген тыңғылықты дайындығы.

Ойшыл жастардың сұрақтары да кесек. Олар жетістікке жетудің жалғыз жолы жеңімпаз адамдардың жолын қайталау екенін біледі. Сол үшін Президент бастамаларын қос қолдап жақтайтындарын айтады. Мәулен Әшімбаев болса Партия көшбасшысының жүргізіп жатқан үш стратегиялық бастамасына тоқталды. Оның бірі - Қазақстан болашағына салған инвестициясы-«Болашақ бағдарламасы» екенін айтады.  

Мәулен ӘШІМБАЕВ, «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:  

Бұл бастаманы біз инвестиция ретінде қарай алатынымыз өйткені оның жақсылығы, нәтижесі бір жылда көрінбейді. Мінекей, 25 жыл өткенен кейін ғана осы бағдарлама өзінің алғашқы нәтижелерін беріп жатыр деп айтуға негіз бар. Осы бастаманың аясында мықты университеттерді тәмамдаған біздің азаматтарымыз бүгін министр, әкім лауазымында, Президент әкімшілігінде, біздің партиямызда елге қызмет етіп жатыр.

«Nur Otan Talks» кездесуінде Президенттің мақаласы талқыланды. Жастардың осы орайда пікірі тыңдалып, сауалдарына жауап та болды. Жастармен кездесуге келген адамдар салаларында үлкен жетістікке жеткен жандар. Оның ішінде әйгілі кардиохирург Юрий Пя, қоғам белсендісі Аружан Саин, Дархан Қыдырәлі секілді белгілі тұлғалар өздерінің жетістік құпияларымен бөлісті. 

Юрий ПЯ, «ҰЛТТЫҚ КАРДИОХИРУРГИЯЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:  

Көп дүние айтылды. Жастардың осылай Елбасын қолдап, сол кісіден үлгі алып, жігерленуі өте қуантады. Осы орайда оларға нағыз көшбасшы болғыңыз келсе, әр жұмысыңыз адамдарға жақсылық алып келуі керек деп есептеймін.»

Исламбек БАЙМАНОВ, ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ МАГИСТРАНТЫ:  

Осындай кездесуді «Нұр Отан» партиясы жиі өткізіп жүр. Бұл жастарға үлкен күш береді. Ашық алаңда Президент ұсынған бастамаларды талқыладық. Бәрі нақты, түсінікті тілде болды. Ол кісінің соңғы мақаласы жастар үшін тарихымызға деген көзқарастың жеті заңы деп түйдік.

Айта кетейік, аталмыш кездесу Президент күні қарсаңында ұйымдастырылды. «Жастар жылында» да осындай шаралар жиі өткізілмек.  

У. Қабылтайұлы