$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қазақстан Президенті мен Үкіметі беймаза режимде жұмыс істеуде

AstanaTV
28.11.2018ж. 20:00
2321
Қазақстан Президенті мен Үкіметі беймаза режимде жұмыс істеуде

Қазақстан Президенті мен Үкіметі беймаза режимде жұмыс істеп жатыр. VIII Азаматтық форумға қатысқан Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді. Алыптар арасындағы қарымта санкциялар мен сауда соғысының салқыны Қазақстанды да айналып өтпейді. Әлемдегі шиеленісінің өршуі соғысқа ұласуы бек мүмкін. Президент алыптар араздығынан адамзат зардап шегеді деп алаңдайды.  

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:  

В мире события сейчас происходят очень сложные. Все главные государства мировые, основные державы не могут найти между собой общий язык, все государства, которые должны заботиться о человечестве. Например, только в США и РФ накоплено 15 тыс. ядерных боеголовок, несколько раз можно уничтожить человечество. Если такие государства не находят между собой общий язык, это тревожно для всех для нас.

Бұдан бөлек, Президент бүгін Астанада Сирия келіссөзінің кезекті раунды басталғанын атап өтті. Саяси қақтығыстар кесірінен 5 жылда 5 млн сириялықтың босқынға айналып, 120 мың адамның ажал құшқанын жеткізді.  

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: 

За что спрашивается? За какие идеалы эти люди погибают? Просто внутреннее непонимание, конфронтация, то религиозная, то человеческое непонимание. Поэтому нам беречь наши отношения, нашу дружбу в рамках Ассамблеи. Это тоже одна из главных задач неправительственных организаций.

А. Бектас