Келер жылы жалпы ішкі өнімнің төмендеуі мұнай бағасының құбылмалылығына байланысты болмақ. Бүгін Дүниежүзілік банк сарапшылары Қазақстандағы жалпы ішкі өнім өсімі 3,5%-ға дейін төмендейтінін болжады. Министрліктің болжамы 3,8 пайыз. Сарапшылар Қазақстан шикізат экспортына тәуелді, ал оны әртараптандыру жұмыстары жүргізіліп жатпағанын айтады.
Хулио РЕВИЙА, ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНКТІҢ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ БОЙЫНША ЖЕТЕКШІ ЭКОНОМИСІ:
Қазақстан экономикасының өсуін жеделдету үшін нарық ішінде бәсекелестіктің өсуін қамтамасыз ететін құрылымдық реформалар қажет. Сондай-ақ, барлық кәсіпорындар үшін жағдайды қолайлы ету керек. Сонда жекеменшік кәсіпорындар саны артады. Ал, қазір елде мемлекеттік кәсіпорындар саны басым.
Ә. Өмірзақ