Қазақстан
құрамасы Рио-де-Жанейрода өтетін XV паралимпиадалық ойындарына әзірге 6
лицензия алды. Мұндай ақпар бүгін Спорт және дене шынықтыру істері жөніндегі
комитеттің жедел штаб отырысында айтылды. Жарысқа дейін әлі 161 күн бар.
Сондықтан лицензия саны әлі де арта түсуі тиіс. Жиында сондай-ақ қазақ
спортшыларының дайындығы мен допинг мәселесі де сөз болды. Комитет бұл жағын
қазір қатаң бақылауға алған. XV паралимпиадалық ойындары, биылғы жазғы олимпиада
ойындары аяқтала салысымен, қыркүйектің 7-18 аралығында Бразилияда өтеді. Оған
әлемнің 160 елінен 4 мыңға жуық ерекше санаттығы спортшы қатыспақ. 23 спорт
түсінен 528 медаль сарапқа салынады. Биылғы бағдарламаға каноэ, яғни ескекті
қайықпен жүзу де қосылып отыр. Одан бізде бір спортшы жаттығуда.
Ерназар
Бексұлтанов, паралимпиадалық спорт түрлері бойынша Қазақстанның мемлекеттік
жаттықтырушысы:
Қазақ еліміз паралимпиада спорт түрінен 6 слот иеленді. Оның ішінде 3 спорт
түрінен. 4 жүзуден, 1 дзюдо және 1 пауэрлифтингтен. Мақсатымыз - сол
лицензияларды 10-ға дейін көбейту. 2015 жылдың аяғында допингке кіретін
дәрі-дәрмектің қатары көбейді. Спортшылардың
шетелге шығуына допинг тесттен өткізіп жатырмыз.
Спорт комитеті
басшылығы паралимпиададан жүлделі оралғандарға қомақты сый да тайғайындап
қойған. 1-ші мен 6-шы орын иеленгендерге 4 мыңнан 50 мың долларға дейін
берілмек. Сондай-ақ, ай сайынғы сыйақы мен пәтер беру жағы да қарастырылуы
мүмкін.
Құралай ПИОНЕР