Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

«Бұл шытынау емес, бұл инновациялық дренажды жүйе»...

AstanaTV
22.10.2016ж. 20:00
2045
«Бұл шытынау емес, бұл инновациялық дренажды жүйе»...

Бюджет қаржысының «жоғалатыны», «желініп» кететіні өз алдына, салынған нысандардың, жолдардың пайдалануға берілмей жатып жарылатыны, қақ айырылатыны ... Осындайдан жұрттың ізгі ниетке сенбейтіні. Бейсенбіде «Нұр Отан» партиясының Парламенттегі фракциясының кеңейтілген отырысы өткен, сонда айтылған фактілерден бір мысал.

Астана мен Теміртау арасындағы 171 шақырым жолдың 12 шақырымы немесе 7 пайызы ғана пайдалануға берілген. 33 шақырымы ...қайтадан монтаждалып жатыр. Ал оған 18 млрд теңге кеткен. Қалып пен ережеге сай салынбағасын, пайдалануға берілмей жатып жарылған. Ақпаратты оқығандар порталдарда дәстүрге сай, не түрлі пікір қалдырған. Мысалы, бір азамат «Бұл шытынау емес, бұл инновациялық дренажды жүйе» депті...