$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Ақтөбеде өрттен екі бүлдіршіннің қаза болуына қосулы қалған пеш себеп болған

AstanaTV
26.12.2018ж. 20:00
2115
Ақтөбеде өрттен екі бүлдіршіннің қаза болуына қосулы қалған пеш себеп болған

Ақтөбеде қос бүлдіршін қыршын кеткен өртке ас үйде қосулы қалған газ пеші себеп болған. Мамандар өрттің шығу себебіне қатысты осындай алдын ала болжам жасады. Көпқабатты үйдің төртінші қабатында болған өрттен екі бүлдіршін уланып қайтыс болған еді. Анасы балаларының сыртынан құлыптап, дүкенге шығып еткен. Сол уақытта пәтердің ас бөлмесінен өрт шыққан. 3 және 6 жастағы балалардың денесін ас бөлмеден тапқан. Қайғылы оқиғаға қатысты сараптама тағайындалып, тергеу амалдары жүріп жатыр.  

Ерболат САРҚҰЛОВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ: 

Алдын ала болжам бойынша от қосулы тұрған газ плитадан от шығып, өрт орын алған.

Б. Рахметова