$494.87 €520.65 ₽4.91
×

АҚШ-та ипотекалық несие арзандады

AstanaTV
11.01.2019ж. 20:00
1760
АҚШ-та ипотекалық несие арзандады

Американдықтар жаппай ипотекалық несие алып, баспаналы болып жатыр. Былтырға қарағанда несиенің бұл түріне жүгінгендердің саны 20 пайызға артқан. Бұл туралы «Reuters» агенттігі хабарлайды. Бұған ең алдымен елде ипотека мөлшерлемесінің төмендеуі себеп болған. 30 жылға несие ресімдегендер оны жылына төрт жарым пайызбен қайтарса, 15 жылдық берешек үшін бұл көрсеткіш тіпті 4 пайызға да жетпейді. Сонымен қатар, баспана нарығының бұлайша жандануына халықтың тұрмысы артып, елдегі мұнай өнімдері мен электр энергиясының арзандауы да себеп болған көрінеді. Салыстыру үшін айтайық, біздің елде ипотекалық несиенің ең төменгі мөлшерлемесі орташа есеппен 13 пайызды құрайды.  

Г. Тасболатқызы