$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Елде дәрі-дәрмек бағасы Германиядағыдай реттелмек

AstanaTV
11.01.2019ж. 20:00
2670
Елде дәрі-дәрмек бағасы Германиядағыдай реттелмек

Елдегі дәрі-дәрмек бағасы Германия тәжірибесімен реттелмек. Яғни, маржа препараттың құнына қарай құбылып отырады. «Осылайша бөлшек сауда нарығында арзан дәрілерді сақтап қалуға болады»- дейді мамандар. Заң ресми жарияланған күнінен 3 айдан кейін күшіне енуі керек. Қазір Қазақстанда 8 мыңнан астам медициналық препарат тіркелген. Олардың шекті бағалары жаңа заң бойынша жылына екі мәрте бекітілетін болады. Оны кез келген адам ведомство сайтындағы тізімнен көре алады. Сондай-ақ, дәріханадан алынған препараттың тіркеуде бар-жоғын, шекті құнын және қаптамасын арнайы мобильді қосымша арқылы тексеруге де мүмкіндік жасалмақ.  

Людмила БЮРАБЕКОВА, ҚР ДСМ ФАРМАЦИЯ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ:

Дәрі-дәрмек арзан болса, оған үстеме баға көбірек қосылады. Мәселен, бағасы 350 теңгеден аз препараттарға бөлшек саудада үстінен 68 пайызға дейін қосуға болады. Ал, 200 мың теңгеден қымбат дәрілерге 3 пайыздан артық қосуға болмайды.

Д. Қайыртай