$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Еліміздің солтүстік аймақтарында алдағы үш күнде бұрқасын соғып, көктайғақ болады

AstanaTV
06.11.2017ж. 20:00
3015
Еліміздің солтүстік аймақтарында алдағы үш күнде бұрқасын соғып, көктайғақ болады

Елдің солтүстік аймақтарында алдағы үш күнде бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Бұл туралы "Қазгидромет" хабарлайды. Синоптиктердің айтуынша, тұман мен көктайғақ - қараша айында жиі болатын метеорологиялық құбылыс.

Сонымен бірге, алдағы үш тәулікте республиканың басым бөлігінде түнгі және таңғы уақыттарда тұман мен көктайғақ түседі. Жауын-шашын болып, солтүстік аумақтарда қар жауады. Кей жерлерде бұрқасын соғып, желдің жылдамдығы 15-23 м/с-қа дейін күшейеді. Ауа температурасы нормаға жақын, ал батыс пен оңтүстікте 2-5ºС жоғары болады, - деп отыр синоптик мамандар.