Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Сот орындаушылар қызметіне автоматты жүйе қажет - М.Әбенов

AstanaTV
08.02.2019ж. 20:00
3694
Сот орындаушылар қызметіне автоматты жүйе қажет - М.Әбенов

Сот орындаушылар пайдасы аз, жұмысы көп істерден қашады. Ал, халықтан келіп түсетін шағымдардың басым бөлігі осындай. Сол үшін істі сот орындаушыларға автоматты түрде бөлу керек. Әділет министрлігінің алқа отырысында қоғамдық кеңес мүшесі Мұрат Әбенов осындай ұсыныс айтты. Автоматты жүйе енгізілсе, қай сот орындаушыға қандай іс түсетіні белгісіз болмақ. «Сонда алимент секілді жұмысы көп істерден бас тарту болмайды»-, дейді.  

Мұрат ӘБЕНОВ, ӘДІЛЕТ ОРГАНДАРЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС МҮШЕСІ: 

Бұл автоматтандырылған жүйе сырттан өзгеріс жасап, ішіне кіріп, өздеріне керек адамдарға өте тиімді істерді береді. Мысалы, алимент сияқты қоғамға керек, бірақ іске асуы қиын мәселелер назардан тыс қалып қояды. Көп жиналып қалды. кейбір өңірлерде мыңдаған адам ала алмай жүрді.

А. Бектас