Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Астана әкімдігінің мамандары ғимаратқа бет-әлпетін сканерлеу құрылғысымен кіреді

AstanaTV
08.02.2019ж. 20:00
2620
Астана әкімдігінің мамандары ғимаратқа бет-әлпетін сканерлеу құрылғысымен кіреді

Жұмыс орнына кіру үшін енді журнал толтырудың, арнайы рұқсаттаманы көрсетудің қажеті жоқ. «Клокстер» атты құрылғы сіздің жұмысқа келген уақытыңызды тіркеп, есікті де өзі ашады. Ол үшін оған бет пішініңізді сканерлеу жеткілікті. Бұл «Астана хаб» IT технологиялар паркінде еліміздің жас стартаперлері ойлап тапқан дүние. Бұл құрылғының қыр-сырын тілшіміз Әлішер Өмірзақ біліп қайтты. Әлішер, бұл құрылғының шетелдік аналогтарынан қандай айырмашылықтары бар?  

Әлішер ӨМІРЗАҚ, ТІЛШІ:  

Бұл құрылғы шетелдік нұсқаларынан 10 есе арзан тұрады. Және сіздің түріңізді сканерлеу үшін оған 3 метр ара-қашықтықтың өзі жеткілікті. «Клокстер» қазір тесттік режимде Астана қаласының әкімдігінде орнатылған. Ондағы қызметкерлер бұл заманауи құрылғы уақытты үнемдеуге өте қолайлы деп отыр.

Эльвира ЖҮРГЕНБАЕВА, АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ: 

Бет-әлпетін камераға түсіріп кіру және екінші саусағын басып ішке ену. Бұл уақыт үнемдейді. Карточканы алып немесе қол қойып, кіріп-шығуды жазып отыру уақытты алады.  

Әлішер ӨМІРЗАҚ, ТІЛШІ:  

Сондай-ақ, бұл құрылғы қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Мектепке, ауруханаларға бөгде адамдардың кіріп кету фактілері жиі кездесіп жатады ғой. Ал, бұл құрылғы ондай жағдайлардың алдын ала алады. Толығырақ, ертең «Біздің уақыт» бағдарламасында айтатын боламын.

- Рахмет, Әлішер. «Біздің уақыт» апталық сараптамалық бағдарламасын 20:00-де жіберіп алмаңыздар.  

Ә. Өмірзақ