$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 30 жыл

AstanaTV
12.02.2019ж. 20:00
7575
Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 30 жыл

Биыл Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 30 жыл. 10 жылға ұласқан әскери қақтығысқа елден 22 мыңнан аса сарбаз аттанды. Олардың мыңға жуығы Ауған даласында ерлікпен қаза тапты. Мерейлі дата қарсаңында Астанада ардагерлерге құрмет көрсетілді. Концерт ұйымдастырлып, алғыс хат пен мерейтойлық төс белгілер табысталды.  

Бахытжан ЕРТАЕВ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚ БАТЫРЫ, ГЕНЕРАЛ-ЛЕЙТЕНАНТ:  

Әрбір соғыстың өзіндік тарихы өзгеше. Ал, табиғаты бір. Себебі, әр соғыста шығын болады. Ауған соғысында талай шығын болды. Бірақ, Кеңес кезінде біз жас балалар Отан алдында ант алдық. Антты орындау - әр азаматтың парызы.  

Ә. Өмірзақ