Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Атыраудағы перинаталдық орталықта қайтыс болған ана сепсистен көз жұмған

AstanaTV
18.02.2019ж. 20:00
5397
Атыраудағы перинаталдық орталықта қайтыс болған ана сепсистен көз жұмған

Атырауда егізін босанған соң қайтыс болған әйел сепсистен ажал құшқан. Эксгумация қорытындысы осыны көрсетіпті. Бұл туралы бүгін нөмірі 2-ші қалалық сотта жәбірленуші тарап айтты. Сотта сөз алған 25 жастағы марқұм Анаргүл Майлыбаеваның туыстары айыпталып отырған 4 дәрігерден өзгелерін де жауапқа тартуды сұрады. Қабылдау бөліміндегі маман мен облыстық перинаталды орталықтың бұрынғы басшысы да жазалансын деп отыр. «Өйткені, олар дертті дер кезінде анықтай алмаған»,-деді.    

Өміргүл МАЙЛЫБАЕВА, МАРҚҰМНЫҢ ӘПКЕСІ: 

Эксгумацияға барған себебім іспен танысқан кезде тәуелсіз сараптама да, жергілікті сараптама да, мына отырған медиктердің бәрі менің сіңлімде «тромба» деп шығарып берді. Сараптама қорытындысы бір-бірінен көшіріп алғандай әсер қалдырады. 5 ай шағымымен барып. Заключение шығарды. «Бактериальный шок от сепсистан өлді» деп. Тромба мен сепсистің айырмашылығы екі түрлі зат. Қандай эксперт болу керек, қандай медик болуы керек олардың өздерінің жұмысы емес пе, сепсис пен тромбаны айыра алмайтындай. Тромбаэмболея.

Еске салсақ, бұл келеңсіз жағдай, 2017-ші жылдың 5 шілдесінде облыстық перинаталдық орталықта болған еді. Анасына дәрігерлер кесарь тілігін жасап, егіз бала дүнеиге келді. Бірақ, іле-шала анасы қайтыс болды. Келіншектің артында 5 баласы жетім қалды. Осы оқиғадан кейін 4 дәрігерге қатысты Қылмыстық Кодекстің 317 бабы бойынша, яғни, «медицина қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін тиісінше орындамауы салдарынан адамның өліміне абайсызда әкеп соғу» дерегімен айып тағылды. Қазір іс сотта қаралып жатыр.  

Б. Нәдірқызы