Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Құрамында фенспириді бар дәрілер сатылымнан алынып жатыр

AstanaTV
19.02.2019ж. 20:00
3017
Құрамында фенспириді бар дәрілер сатылымнан алынып жатыр

Елде «Эреспалдан» бөлек, құрамында фенспириді бар тағы екі дәрі уақытша сатылмайды. Бұл туралы фармация комитетінің өкілі арнамызға берген сұхбатында хабарлады. Олар - украиналық «Инспирон» және түркиялық «Тирфинс» препараттары. Фенспиридтің құрамындағы белсенді қоспа жүрек соғысын жиілетіп, тоқтатуы мүмкін. Бірақ, бұл дәрілердің тіркеу куәліктері әлі кері қайтарылған жоқ. Дәрінің нақты қауіпті екені анықталғанда ғана мемлекеттік тіркеуден алып тасталмақ.  

Нұрлыбек АСЫЛБЕКОВ, ҚР ДСМ ФАРМАЦИЯ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:  

Ол екеуінің де қазір біздің елде жүргізілуді тоқтатылды. Еуропалық медициналық агенттіктен қосымша ақпарат күтіп отырмыз. Егер, тағы ақпарат келіп түскен жағдайда біз тағы да қосымша шешім қабылдаймыз.

А. Бектас