$481.84 €531.33 ₽5.07
×

Қарағандыда сарбаздың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

AstanaTV
22.02.2019ж. 20:00
3782
Қарағандыда сарбаздың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Қарағандыда иегіне оқ атып, қаза тапқан сарбазды суицидке итермелеуі мүмкін. Бұл туралы бүгін «Ұлттық Ұлан» бас қолбасшысының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мұхаметқали Сатов айтты. Сондай-ақ, ол Қылмыстық Кодекстің 107- ші, яғни, «өз- өзіне қол жұмсауға итермелеу» бабымен қылмыстық іс қозғалғанын жеткізді. Генералдың айтуынша, қарауыл бекетінде тұрған жауынгердің өзін-өзі атқаны бейнекамераға анық жазылып қалған.  

Мұхаметқали САТОВ, ҚР ҰҰ БАС ҚОЛБАСШЫСЫНЫҢ ТЖӘҚЖЖ ОРЫНБАСАРЫ, ГЕНЕРАЛ- МАЙОР: 

Автоматты ол өзі алады. Өз еркімен. Оқты автоматқа салады. Ол көрініп тұр. Қасында қайтадан айтам ешкім болған жоқ, ол жалғыз тұрды. Бекетке ешкім көтеріле алмайды.

Бейнебақылау таспасы әскери тергеу басқармасына жіберіліпті. Ал, марқұм Әліби Сапаның қатарластары мен командирлерінен жауап алынып жатыр. Мұнымен қатар оқиға болған 65/05 әскери бөлімінің басшылығы да қызметтік тексеру бастапты. Командирлерінің айтуынша, 18 жастағы Әліби үздік сарбаздар қатарында болған. 2018 жылы желтоқсанда Алматыдан Қарағандыға әскери борышын өтеуге келіпті. Қару- жарақты қолдану тәжірибесінің 30 күндік оқуын толық тәмәмдаған деп отыр. Еске салсақ, Әліби Сапаның денесі осыдан екі күн бұрын Қарағанды облысындағы АК 159/7 түзеу мекемесінің сыртындағы қарауыл мұнарасының ішінен табылған болатын. Кезекті бақылауға шыққан ол мылтықпен иегінен атып жіберген.  

А. Қуаш