$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Алматы маңындағы Еркін ауылының тұрғындары автобусқа зәру

AstanaTV
22.02.2019ж. 20:00
4214
Алматы маңындағы Еркін ауылының тұрғындары автобусқа зәру

Алматы маңындағы Еркін ауылының тұрғындары автобусқа зәру. Олар жалғыз қоғамдық көлік «Оңай» төлем жүйесі енгелі мүлде сиреп кетті деп отыр. 3 мыңға жуық түтіні бар шағын ауыл тұрғындары төлем жүйесін алып тастауды талап етіп әлек. Әсіресе, аудан орталығы Ілеге қатынайтын оқушыларға қиын соғып отырған көрінеді.  

Автобустардың ара қашықтығы жарты сағаттан бастап бір жарым сағатқа дейін ұзарып кетті. Ал, кешке жақын жайырақ қайтқан кезде алаңдаймыз. «Оңайды» алып тастап, сол бұрынғыдай ақшамызды төлеп жүрсек деп ойлаймын.

«Еркін» ауылы мен қала ара қашықтығы 75 шақырым. Бұл аралыққа бір ғана 441-ші бағыттағы автобус қатынайды. Ал, автобустар жекенің меншігінде. «Оңай»-ға өткелі көпшілігі жұмыстан бас тартқан. Қоғамдық көлікке жауапты Қаскелеңдегі автопарк. Олар бұл мәселені жергілікті әкімдік жуырда шешіп береді деп сендірді.  

Қайрат МӘМБЕТОВ, АВТОБУС ЖҮРГІЗУШІСІ: 

Түк пайда жоқ. Запчасть ала алмаймыз. Соляркамызға жетпейді. Бізге не выгодно. 70 пайызын ұстайды. Бәріміздің үйімізде екі автобустан тұр. Шығарайық десек, водительдер айдамайды «Оңайдың" кесірінен. Наличкаға салсаңыздар 30-40 автобус шығады. 10 минуттан жүреміз бәріміз. 190 теңгеден 120 литр солярка ақтамайды.

Асанбек САДЫРҚҰЛОВ, «ҚАСКЕЛЕҢ» АВТОПАРКІ БАСШЫСЫНЫҢ м.а: 

Бұл маршрутқа субсидия төленбейді. Қазіргі таңда «Оңай» жүйесі бар барлық автобусқа акимат субсидия төлейді. Бізге ондай берілмеген соң бұл маршрут сондай болып қалды. Алып тастау-тастамайтынын білмеймін. Может басқаша өзгерте ме? «В любом случай халықты бері қарай алып шығатындай маршрут болады»,- деді. «Келесі жетіде среда-четверг нақты жауабын береміз»,- деді.

О. Нұржақып