Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Мұғалім жалақысы 300 мың теңгеден кем болмауы керек

AstanaTV
25.02.2019ж. 20:00
5366
Мұғалім жалақысы 300 мың теңгеден кем болмауы керек

Ұстаздардың орташа жалақысы 300 мың теңгеден кем болмауы керек. «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасын даярлау жөніндегі жұмыс тобының мүшелері осылай деп отыр. Қазіргі уақытта елімізде мұғалімдердің еңбекақысы орта есеппен 102 мың теңге. Заң жобасына қатысты Республиканың түкпір-түкпірінен педагогтар 40 мыңнан аса ұсыныс жолдаған. Соның 75 пайызы жалақы мәселесіне тіреліпті. Сондай-ақ, мұғалімдерді мектептен тыс жұмыстарға тарту да талқыға түсіп жатыр. 

Айгүл МҰҚАШЕВА, ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КӘСІПОДАҒЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:  

Ұстазды өзіне тән емес жұмысқа тартатын болса, онда лауазымды тұлғаға алдымен ескерту жасайды. Екінші рет тартатын болса, онда административті штраф салады. Оның мөлшері 10 айлық есептік көрсеткіш, ол 25 250 теңге.  

Н. Біләл