Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

«Наурыз Challenge» Ақтөбеде мүгедектің пәтерін жөңдеп берді

AstanaTV
11.03.2019ж. 20:00
2396
«Наурыз Challenge» Ақтөбеде мүгедектің пәтерін жөңдеп берді

Ақтөбелік кәсіпкер бірінші топтағы мүгедек Сымбат Нағметованың пәтеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жасап берді. Қайырымдылық шара «Nur Otan» партиясының «Наурыз Challenge» жобасы аясында іске аспақ. Сымбат Нағметова 8 жыл бұрын қоныстанған пәтеріне осы күнге дейін бірде-бір рет жөндеу жасамағанын айтады. Жуырда ол сал ауруына шалдыққан жандарды қолдау орталығынан көмек сұрапты. Олар «Қамқорлық-Забота» қоры арқылы құрылыс компаниясын тауып, көмектескен.  

Дмитрий ДОВМАТЕНКО, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ «NUR OTAN» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Біз : Бастауыш партия ұйымы, Кәсіпкерлер құқын қорғау Ассоциациясы, «Қамқоршылық – Забота» қайырымдылық қоры кәсіпкерлермен бірлесіп, «Nur Otan» партиясының «Наурыз Challenge» акциясына қатысуды ұйғардық. Терезелер ауыстырылады. Түсқағаз жабыстырып, линолеум жаямыз. Күрделі жөңдеу жүрігізіледі.

«Наурыз Challenge» Жамбыл облысында да жалғасын тапты. Партия белсенділері мен кәсіпкерлер Жамбыл ауданындағы аз қамтылған отбасыларға азық-түлік таратты. Бір ғана Аса ауылында аз қамтылған әрі көпбалалы 30 отбасы бар. Оларға жалпы суммасы 600 мың теңгені құрайтын әлеуметтік пакет үлестірілді. Бұдан бөлек, алдағы уақытта бизнесмендер тұрмысы төмен отбасылардың коммуналдық ақыларын төлеп бермекші.  

Рүстем БЕГАЛИЕВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ САЯСИ КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ: 

Әр отбасына 20 мың теңге көлемінде бір қап ұн, бір қап шекер берілді, майы, 10 келі картобы және де басқа да азық-түлікпен қамтамасыз етілген. Аудандардағы кәсіпкерлердің бәрін осындай акцияға ат салысуға шақырамын.

Б. Рахметова