Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

«JasUp University»-де 60 студент білімін шыңдауға кірісті

AstanaTV
11.03.2019ж. 20:00
2937
«JasUp University»-де 60 студент білімін шыңдауға кірісті

Бизнестің қыр-сыры, саясат пен журналистикада өсу жолдарын «JasUp University» үйретеді. Бүгін Астанада «Жас Отан» жастар қанатының арнайы жобасы жұмысын бастады. Онда екі ай ішінде 60 адам саясат, бизнес, журналистика, басқару және скаутинг бойынша білім алады. Тренерлер танымал тұлғалар. Курсқа қатысатын студенттер мен жастарға шектеу жоқ. Тек эссе жазып, тапсырса болды. Жоба былтыр тест ретінде өткізілген. Нәтижесінде 10 тыңдаушының жетеуі өз компанияларын ашыпты. 

Владислав СЕРГЕЕВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Мұнда танысы жоқ, дегенмен пайдалы іс жасауға, жоспар құрып оны іске асыруға ниеті барлар келеді. Ал бизнесмендер мен саясаткерлерден табысқа жету үшін не істеу керегін, қандай қиындықтар барын, оны жеңу жолдарын қарапайым тілде бөлісуін өтінеміз. Мұндай құнды дүниелерді университет қабырғасында үйретпейді.  

Ә. Өмірзақ