Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Денис Теннің ісі бойынша апелляциялық шағым қаралды

AstanaTV
13.03.2019ж. 20:00
2554
Денис Теннің ісі бойынша апелляциялық шағым қаралды

Алматыда Денис Теннің ісі бойынша сотталған үштіктің ісі қайта қаралды. Бүгін қалалық сот алқасы Арман Құдайбергенов, Нұралы Қиясов пен Жанар Толыбаевадан түскен апелляциялық шағымды талқылай келе, тек біреуінің ғана жазасын жеңілдетті. Осы іс бойынша сотталып кеткен Жанар Толыбаева 6 наурызда түрмеде сәбиді дүниеге әкелген. Бұл туралы оның адвокаты сот қарауына арнайы дәрігерлік анықтаманы тапсырды. Сот қазысы Толыбаеваны орташа қауіпсіздік калониясынан қаупі төмен түрмеге ауыстыруға шешім қабылдады. Ал қалған екі күдіктінің жаза мерзімі өзгерусіз қалды. Айта кетейік, Олимпиада жүлдегері, фигурист Денис Теннің өліміне кінәлі деп танылған екі адам 18 жылдан жаза арқалады. Ал қылмысты жасырды деп айыпталған әйел 4 жылға сотталған еді.  

Р. Асқарбекұлы