Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Алматының коммуналдық қызмет мамандары электросамокатпен жүреді

AstanaTV
14.03.2019ж. 20:00
3474
Алматының коммуналдық қызмет мамандары электросамокатпен жүреді

Ал Алматыда коммуналдық қызметкерлер қарыздың соңына «скутермен» түсті. Әсіресе, дәулеттілер арасында коммуналдық төлемдерге деген немқұрайлық тиылар емес. Бұл жолы «Алматы су» холдингінің мамандары қара жаяу емес. Соңғы жылдары қолданысқа енген электрлі самокаттарға мінді. Өздігінен жүретін құрылғымен инженерлер уақыттың екі есеге қысқарғанын айтып отыр. Бірақ, одан қарыздар көлемі қысқара ма?! Ришат Асққарбекұлы тарқатады.  

Коммуналдық компанияның инженері Аспандияр Берікбаев бір күнде 60 үйді аралап шығуы тиіс. Оған суық су желісіне қосылатындарды түгендеу, есептеуіш құралдарының көрсеткіштерін тексеру сияқты жұмыстар кіреді. Жеке үйлер орналасқан аумақтағы баспаналар арасы біршама қашық. Бұдан былай елді ауыз сумен қамтитын мекеменің 23 маманы мынандай самокаттармен қозғалатын болады.    

Аспандияр БЕРІКБАЕВ, «АЛМАТЫ СУ» ХОЛДИНГІНІҢ ИНЖЕНЕРІ: 

Жеке тұрғын үйлерді аралау олардың саны көп болғандықтан күнделікті тексеру қиын болатын. Соңғы кезде біздің холдинг электросамокат алып, жұмыстың жеделдеуіне мүмкіндік беріп отыр. Көлемін үлкейтуге жағдай жасап берді. Кезінде күне 10-15 тапсырыс орындасақ, түскен кейін 50 шақты үйді араласақ. Қазір ол екі есеге көбейді.

Бірақ, холдинг борышкерлермен жұмысты бір жүйеге түсіре алмай отыр. Жылда ондаған рейд жүргізіледі. Қарызы барларға су беру тоқтатылып, кәріз жүйесі бұғатталады. Алайда, көрсеткіштер өзгерер емес. «Әсіресе, мынандай ауқатты тұрғындардың берешегі еселеніп келеді»,- дейді су инженерлері.   

-Смотрите за холодную воду 16 тысяч тенге, за канализацию 183 тысячи.  

- А у нас нету канализации, у нас септик стоит, какая канализация?

Кейбір абоненттердің берешегі 200 мың теңгемен шектелмейді. Миллиондарға дейін төлемейтіндердің қарызы көп кешікпей сотқа жолданып жатыр. Қалада қазір тек суық су үшін тұтынушылар борышы 102 млн. теңгеге жеткен.        

Нұрлан БОПАЗОВ, «АЛМАТЫ СУ» ХОЛДИНГІНІҢ ТҰТЫНУШЫЛАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ БӨЛІМІНІҢ ӨКІЛІ:  

Қала бойынша рейд жүргізіп жатырмыз. Оған өтім қызметінің бақылаушылары, «Алматы су» мекемелерінің өкілдері, әкімдік қызметкерлері мен құқық қорғау инспекторларымен бірге шаралар қолдануға көштік. Қарыздарды өтеп алу үшін тұтынушылардың құжаттарын заңгерлерге береміз. Олар сотқа іс қағаздарын дайындап жатыр.

Өздігінен жүретін құрылғымен инженерлер уақыттың екі есеге қысқарғанын айтып отыр. Бірақ, одан қарыздар көлемі қысқара ма? Көбіне түбіртек арқалаған мамандар коммуналдық берешегі барлардың қақпасынан сығалап, кері қайтуға мәжбүр.  

Р. Асқарбекұлы