Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Сирия Голан бөктері мәселесіне байланысты БҰҰ Қауіпсіздік кеңесін жинауды сұрап отыр

AstanaTV
27.03.2019ж. 20:00
2702
Сирия Голан бөктері мәселесіне байланысты БҰҰ Қауіпсіздік кеңесін жинауды сұрап отыр

Сирия Голан бөктері мәселесіне байланысты БҰҰ Қауіпсіздік кеңесін жинауды сұрап отыр. Бұл жөнінде Agence France-Presse хабарлайды. Ал Еуроодақтың 5 елі бірден өз ұстанымдарын өзгертпейтінін және Голан алқабы Израильге тиесілі емесін атап өтті. Олардың түгелі қауіпсіздік кеңесінің мүшелері. Мәселен, Бельгияның тұрақты өкілі өз елінің атынан тілшілерге арызын оқып берді. Оған Франция, Германия, Ұлыбритания және Польша қосылады. Арызда Голан алқабының мәртебесі айқын және өзгеріссіз қалады делінген. Мәлімдеде аумақты күшпен басып алу халықаралық құқықтарға қайшы және әлемдік тұрақтылық негіздеріне сызат түсіруі мүмкін. Сондықтан Еуроодақ елдері бұл мәселеге қатты алаңдаушылық білдіреді делінген.  

Марк Пестеен де БЕЙТСВЕРВЕ, БҰҰ БЕЛЬГИЯДАҒЫ ТҰРАҚТЫ ӨКІЛІ: 

Голан бөктері мәртебесіне қатысты біздің ұстаным айқын және ол өзгермейді. Халықаралық құқыққа және қауіпсіздік кеңесінің 242, 497 қаулысына сәйкес Израильдің сол аумаққа жариялаған дербестігін мойындамаймыз. Голан бөктері 1967 жылы басқыншылықпен алынған. Және аумақты Израильдің бөлігі деп есептемейміз.

Еске салайық, наурыздың 25 күні АҚШ Президенті Дональд Трамп Голан алқабы Израиль аумағы деп мойындап, декларацияға қол қойды. Аумақты 1967 жылы Израиль әскері алты күн айқасып басып алған болатын.1981 жылы Израиль тарабы таулы өлкені күшпен қосып алғанын жариялады. Бірақ, мұны әлемнің ешбір елі, тіпті, БҰҰ мойындамаған. Голан бөктері заң жүзінде Сирия жері. 

З. Санай