Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Трамп Ресейдің Венесуэладан кетуін талап етті

AstanaTV
28.03.2019ж. 20:00
2703
Трамп Ресейдің Венесуэладан кетуін талап етті

АҚШ үкіметі ақыры Венесуэлаға бағытталуы тиіс қаражат көлемін жариялады. Елдің демократиялық трансформациядан өтуіне 500 млн АҚШ доллары бөлінетін болды. Бұл туралы Мемлекеттік хатшы Майк Помпео мәлімдеді. Ресми Вашингтон мұндағы негізгі бағыт «Ресейдің Венесуэлаға теріс ықпалымен күрес екенін» атап өтті. Помпео Конгресстің алдында сөйлеген сөзінде АҚШ-тың төрағалығымен арнайы коалиция құру жоспары бар деді. Бұл өз кезегінде Венесуэланың демократиялық жолмен дамуына көмектеспек.  

Майк ПОМПЕО, АҚШ МЕМЛЕКЕТТІК ХАТШЫСЫ: 

Бюджеттік заң жобасы Венесуэлада демократиялық қоғам орнату үшін бізге жаңа өкілеттілік керек екенін меңзейді. Бөлінетін 500 млн доллар аз қаражат емес. Мадруроның экономиканы құрдымға жіберуіне АҚШ салған санкциялардың кесірі тиді деп айтпас едім. Бірақ, бұл елден Куба мен Ресей кетпейінше, демократия орнатып, экономиканы оңалту мүмкін емес.

Айта кетейік, жақында Дональд Трамп Хуан Гуайдоның әйелі Фабиана Розалеспен болған кездесуде «Ресей Венесуэланы тастап шықсын» деп мәлімдеген. Ол Ресейдің 100-ге жуық арнайы сарбаздарының осы елге келуіне орай қойылған сауалға осылай деп жауап қатты. Алайда, бұған Ресейдің сыртқы істер министрлігі «АҚШ алдымен Сириядан әскерін шығару туралы уәдесін орындасын» деген сыңайда жауап қайтарды. 

Р. Асқарбекұлы