$494.87 €520.65 ₽4.91
×

АҚШ демократтары Дональд Трамптың табыс салығын сұратты

AstanaTV
04.04.2019ж. 20:00
2771
АҚШ демократтары Дональд Трамптың табыс салығын сұратты

АҚШ демократтары Дональд Трамптың табыс салығын сұратты. Қаржы және салық өкілдері палатасының комитет төрағасы Ричард Нил штаттардың Салық басқармасына осындай сауал жолдады. Онда олар Трампқа тиесілі фирмалардың 2013-2018 жылдар аралығындағы салық декларацияларын да сұратқан. Ал Президенттің өзі қазір салық тексерулері жүріп жатқанын сылтауратып, құжаттарды жариялауға дайын емес екенін айтып отыр. Бұған дейін Қаржы министрі Стивен Мнучин де Трампқа қатысты ақпараттармен бөлісуден бас тартқан. АҚШ Президенті әлі күнге дейін салық аударымдары туралы мәліметтерін жариялаған жоқ. Осылайша Трамп Ричард Никсоннан кейін өзінің салық төлемдерін жасырын ұстап отырған екінші президент болып отыр. 

Дональд ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ: 

Қазір бізге қатысты салық аудиті жүріп жатыр. Мені әрдайым тексереді. Аты бар адам үнемі бақылауда болады деп ойлаймын. Сондықтан тексерулер аяқталмайынша мен декларацияларымды жариялай алмаймын.

Д. Қайыртай