Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Былтыр 7 мыңнан астам еңбек жасындағы адам көз жұмған...

AstanaTV
06.04.2019ж. 20:00
3233
Былтыр 7 мыңнан астам еңбек жасындағы адам көз жұмған...

Мынадай маңызды ақпарат: Былтыр елімізде 19 мың қазақстандық ауырғаннан кейін қайтыс болған. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры таратқан ақпарда оның 7 мыңнан астамы еңбек жасындағы адамдар екені көрсетілген. «18 млн ғана азаматы бар ел жылына 7,4 мың еңбек жасындағы адамынан айырылады, ал бұл – бір ауылдың тұрғындары», деген қор өкілдері. Өлімнің негізгі 5 себебін атаған. Былтыр көз жұмған 19 мың негізінен мына аурулардан бақилық болған:  

1. Қан айналу жүйесінің аурулары – 9,7 мың;

2. Ас қорыту органдарының аурулары – 2,8 мың;

3. Кенеттен болған оқиға салдары, жарақат алу, улану – 2,7 мың;

4. Онкологиялық аурулар – 2 мың;

5. Тыныс алу органдарының аурулары – 1,9 мың.