Қазақстан Коммунистік халықтық партиясы кезектен тыс өтетін Президент сайлауына кандидатты 26-шы сәуірде жария етеді. Бұл туралы бүгін партияның саяси бюро жиынында белгілі болды. Жабық есік күйінде өткен кездесуде коммунистер 26 сәуір күні кезектен тыс съезд өткізіп, Президентікке үміткер сайлайтыны шешілді. Фракция өкілдері белгіленген уақыт аралығында сайлау алды науқанға дайындалып үлгереміз деп отыр.
Назгүл МАҒЖАН, ҚАЗАҚСТАН КОММУНИСТІК ХАЛЫҚТЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
Саяси партия ретінде біз Қазақстан Республикасының саяси өміріне белсенді қатысатын ұйым болғандықтан әрине біз осындай маңызды кезеңде ҚР президентінің сайлау науқанына міндетті түрде қатысып, ат салысамыз.
Н. Біләл