Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Биыл Нұрсұлтан Назарбаевтың Еуразиялық бастамасына 25 жыл толды

AstanaTV
11.04.2019ж. 20:00
3484
Биыл Нұрсұлтан Назарбаевтың Еуразиялық бастамасына 25 жыл толды

Идеядан шынайы болмысқа! Биыл Нұрсұлтан Назарбаевтың Еуразиялық бастамасына 25 жыл. Осыдан ширек ғасыр бұрын Елбасы Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде Еуразиялық Одақ құруды ұсынған болатын. Бұл бастамаға алғашында күдікпен қарағандар қазір оның тиімділігін мойындап отыр.  

Одаққа мүше Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Армения бүгінде интеграцияның жемісін көруде. Өйткені, көрші елдер арасында жыл сайын тауар айналымы артып келеді.

Виктор САДОВНИЧИЙ, М.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ: 

Фундаментальное высказывание, фундаментальная идея... Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған Еуразиялық Одақ уақыт өткен сайын өміршеңдігін дәлелдеді. Алғашында күмәнмен қарағандар көп болды. Бірақ, сын сағатта көрші мемлекеттер бірге әрекет еткенде ғана экономика алға басатынын түсінді.  

М. Бақытқызы