Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Ел өңірлерінде билік партяисының жобалары жүйелі жүзеге асырылуда

AstanaTV
12.04.2019ж. 20:00
3366
Ел өңірлерінде билік партяисының жобалары жүйелі жүзеге асырылуда

Өңірлерде «Nur Otan» партиясының қолдауымен түрлі жобалары жүйелі түрде жүзеге асырылып жатыр. Әсіресе, әлеуметтік тұрмыс деңгейі төмен, көп балалы отбасыларға көмек көрсету жақсы жолға қойылған. «Бақытты отбасы» жобасы аясында Алматыда арнайы қор ашылып, қаржылай көмек берілуде. Ал, Қостанайда жастарды рухани жаңғыртуға күш салынып отыр. 

Алматылық Жадыра Көпжасарова көп балалы ана. Қазір бала күтімімен үйде отыр. Үлкені 15 жаста болса, кенжесі 8 айлық. Отбасы пәтер жалдап тұрады, сондықтан арманы басыбайлы баспаналы болу. Жалғыз кіріс отағасының жалақысы. Енді олар «Бақытты отбасы» жобасынан үмітті. Жуырда арнайы ашылған қордан кішкентай бүлдіршіндердің киіміне деп ақшалай сертификат алыпты.  

Жадыра КӨПЖАСАРОВА, КӨПБАЛАЛЫ АНА: 

Киімдер алып бердік балаларға. 4 балам оқиды. Екі баламды балабақшаға орналастырдық. Оған да шүкір. Мына жеңілдіктердің арқасында қазір кішкентай баламмен үйде отырмын. Қайырымдылық жасап жатқан қорға рақмет.  

«Nur Otan» партиясының Алатау аудандық филиалы әлеуметттік тұрмысы төмен отбасыларға барынша жол көрсетуге, көмек беруге тырысып келеді. Тіпті. осы «Бақытты отбасы» жобасы аясында сертификаттар табыс еткен. 

Баян АЛШЕРИЕВА, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ АЛАТАУ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ КОНСУЛЬТАНТЫ: 

Алатау ауданы бойынша 375 сертификат осы уақытқа дейін таратылды. Соның ішінде қазіргі 7 баланың анасына да балаларына киімге сертфикат табысталған болатын. Мектепке дейінгі жол акциясы болады бізде жыл сайын мектепке барар алдында. Сол бойынша балаларына киім, мектеп сөмкелерін табыстап жатамыз. Және де басқа көмектер көрсетіліп жатады бұл отбасыға.  

Ал, Қостанай облысында партиялықтардың демеуімен жастардың рухани баюына бағытталған білім орталықтары жаппай ашылуда. «Nur Otan»- дықтардың қолдауымен өткен жылы «Ауыл-ел бесігі» арнайы жобасы аясында аймақта 5 білім орталығы ашылған. Жақында Майкөл ауылдық кітапханасы жанданды. Демеушілер мен жергілікті бюджеттің қаражатына қажетті құрал-жабдықтармен толықты. Тіпті, мұнда кішкентай балғындардың өз бұрышы бар. 

Мөлдір МӘМБЕТОВА, ОҚУШЫ: 

Әрдайым осында ойындар ойнап, білім алып дегендей жаңа кітаптар пайда болғаны жақсы болды. Себебі, үй жұмысын жасауға да жақсы. Достарымызбен келіп пікірталастар өткіземіз. Интернет арқылы көп хабар аламыз. 

Әлібек МҰХАМЕДЖАНОВ, «ЖАС ОТАН» ЖҚ ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: 

Білім беру орталықтары Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асырудың маңызды құрамдас бөлігі болады деп сенеміз және біз осы орталықтардың ауылдық жерлердегі барлық жастар үшін «үшінші орны немесе үйі» болатынына үміттенеміз.  

Осылайша, кітапхана жанынан құрылған алаңдар жастардың мәдени-рухани мекеніне айналып отыр. Мұнда келушілер ғаламтор желісінен қажетті мәліметтер алып ақпараттық ресурстарды пайдаланады. Әрі түрлі мәдени іс-шараларға қатысып өз қабілеттерін сынайды. 

О. Нұржақып