$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Тобыл өңірінде дәстүрлі музыка фестивалі өтті

AstanaTV
15.04.2019ж. 20:00
2593
Тобыл өңірінде дәстүрлі музыка фестивалі өтті

«Nur Otan» партиясының 20 жылдығына орай өтіп жатқан «Ұлы даланың көне сарындары» атты дәстүрлі музыка фестивалі Тобыл төріне де жетті. Елге есімдері мәшһүр өнер майталмандарын астықты аймаққа Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Алмас Алматов бастап барды.

Фестивальде есімдері елге танымал Ерлан Рысқали, Шолпан Дәржанова, Гүлмира Сарина, Жәкен Омаров, Батыржан Мықтыбаев сынды өрелі өнерпаздар өнер көрсетті. Ұлттық мәдениетімізді кеңінен насихаттауға бағытталған игі шараға Тобыл-Торғай таланттары да атсалысты. Дәстүрлі ән кешіне жиылған дүйім жұрттың дені жастар болды. Өнер сүйер өскелең буын қазақтың әсерлі әнін, күмбірлеген күйін, жауһар жырын, терең мағыналы термесін тыңдап, рухани байып қалды. Партияның 20 жылдығына арналған игі бастама елдің барлық өңірінде жалғасын таппақ.

Ерлан ҚАЛМАҚОВ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

«Nur Otan» партиясының бастамасымен «Ұлы даланың көне сарындары» фестивалі өтіп жатыр. Бұл фестиваль қазақстанның барлық қалаларында өтеді және Қостанайға келіп жатқан қонақтарымызға біз әрине өте қуаншытымыз. Себебі, дәстүрлі музыка фестивалі біздің өңірлер үшін үлкен сұранысқа ие. Біз көрермендер осы ұлттық өнерден сусындап жақсы бір ләззат алатынына шын сенімдеміз.

З. Санай