Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Португалияның Мадейра аралында ірі автобус апаты орын алды

AstanaTV
18.04.2019ж. 20:00
2253
Португалияның Мадейра аралында ірі автобус апаты орын алды

Португалияның Мадейра аралында ірі жол апаты болды. Соңғы мәліметтер бойынша 29 турист қаза тапқан. Тағы 27 адам зардап шеккен. Бұл туралы Люса агенттігі Фуншал ауруханасына сілтеме жасай отырып хабарлады. Қайтыс болғандардың бәрі неміс туристері болып шықты. Ал португалдық автобус жүргізушісі мен гид дене жарақатын алған. Жүргізуші автобусты басқара алмай, жолдан шығып кетеді. Сөйтіп аумақтағы бір үйдің төбесіне құлайды. Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, көлікте 50-ден аса адам болған. Португалияның Премьер-министрі «Твиттерде» ажал құшқандардың отбасына көңіл айтты. Елде үш күндік қаралы күн жарияланды. Прокуратура оқиғаның себебін зерттеп жатыр. 

А. Сейфулла