Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Б. Жексенбай «Астана» телеарнасының бас директоры болып тағайындалды

AstanaTV
18.04.2019ж. 20:00
4543
Б. Жексенбай «Астана» телеарнасының бас директоры болып тағайындалды

Белгілі тележурналист Бибігүл Жексенбай «Астана» телеарнасының бас директоры болып тағайындалды. Жаңа басшыны телеарна ұжымына «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев таныстырды. Бибігүл Жексенбай отандық ақпарат айдынында аты қалыптасқан кәсіби журналист. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. Сондай-ақ, бизнес-басқару магистрі. Еңбек жолын қатардағы корреспонденттен бастап еліміздегі ірі бұқаралық ақпарат құралдарының топ-менеджеріне дейін көтерілді. Мәулен Әшімбаев Бибігүл Жексенбай «Астана» телеарнасының одан әрі дамуына тың серпін береді деген сенім білдірді. 

М. Дюсекина