$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қостанай әуежайы жөндеуге жабылады

AstanaTV
18.04.2019ж. 20:00
5431
Қостанай әуежайы жөндеуге жабылады

Қостанай халықаралық әуежайын жаңғыртуға 4 миллиард 658 миллион теңге жұмсалады. Аймақ басшысы Архимед Мұхамбетовтің айтуынша, қомақты қаражаттың жартысы республикалық қазынадан бөлініп қойған. Ал, жөндеу жұмыстары басталып кеткен.  

Архимед МҰХАМБЕТОВ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: 

Жұмысты қараша айында аяқтау жоспарланып отыр. Маусымның он бесінен бастап шамамен екі, екі жарым айға әуежайды жабу керек боп тұр. Яғни, үлкен ұшақтар ұшып қона алмайды. Қазір «SCAT» компаниясымен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Компанияның «Оңтүстік аспан» деген филиалы бар. Келісімге келсек Нұр-Сұлтанға АН-24 әуе кемесі ұшатын болады.

Бұған дейін әуежайда асфальт-бетоны опырылып, «Нұр-Сұлтан- Қостанай» бағытындағы «Air Astana» ұшағының дөңгелегі батып қалған. Ұшақ бортындағы 131 жолаушы мен экипаж мүшелері зардап шеккен жоқ. Жеті сағаттан кейін көмекке жеткен BOINGB-757 ұшағын да айлақтың асфальті көтере алмай, опырылып кетті. Қос ұшақты қостанайлық құтқарушылардың арнайы техникасы сүйреп алып шыққан еді.  

Руслан ОРЫНБЕКОВ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Тұрағына дейін бара жатқан кезде сол жақ шассиі асфальттің жамылғысына кіріп кетіп, 30-20 сантиметрдей кіріп кетіп, сол жерде тұрып қалған болатын. Алайда, ешқандай апаттық жағдай орын алған жоқ. Ішіндегі жолаушыларды жоспарлы түрде траппен келіп түсіріп алды. Апатқа ұшыраған ұшақты құтқаруға келген ұшақтың өзі рөлін бұру барысында, ол келіп жаңағы жолдың жамылғысына кіріп кеткен болатын. 

З. Санай