$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Отан қорғаушылар күні қарсаңында «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» жаңартылған «Әскери өнім» бағдарламасын іске қосты

AstanaTV
06.05.2019ж. 20:00
4872
Отан қорғаушылар күні қарсаңында «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» жаңартылған «Әскери өнім» бағдарламасын іске қосты

Отан қорғаушылар күні қарсаңында «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» жаңартылған «Әскери өнім» бағдарламасын іске қосты. Осылайша, бүгін ел бойынша 58 отбасы қоныс тойын тойлады. Бағдарлама аясында құжаттарды қабылдау 2-ші мамырда басталды. Осы уақыт аралығында 600-ден астам әскери- банкке өтініш жолдаған. Биыл 4 мың әскери отбасына несие берілмек. Толығырақ тілші тарқатады.  

Ескендіров Ерлан 15 жыл әскери қызметте. Жылдар бойы елордада жұбайымен пәтер жалдап тұрып жатыр. «Әскери өнім» бағдарламасы жайлы естігенде, бірден құжаттарын түгендеп, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне» келген. 2 мамыр банкке өтініш тастаған ол ұялы телефонына СМС-хабарлама келгенде сенбеген. Қажетті құжаттарға қол қойған. Енді Ерлан 5 бөлмелі үйдің иесі.  

Ерлан ЕСКЕНДІРОВ, ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕР:  

5 бөлмелі үй алдым. Жер үй алдық. Жер үй алған себебім жана айтқандай әке-шешем қолымда тұрады. Сол әке-шешем қасымда болсын деп. Сол үшін жер үй таңдадық. Өзіміздің ауламыз болсын деп. Мына кішкентайлар ертең өскенде сол аулада ойнасын деп. Сондай бір мақсатпен жер үй таңдадық.

Банкке отбасымен келген Ерланды «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова қарсы алып, ізгі тілек білдірді. 

Қазір «Әскери өнім» бағдарламасы аясында бастапқы жарна15 пайыз. Жылдық мөлшерле 8 пайызды құрайды. Ерлан Ескендіровке Мемлекет тарапынанберілетін тұрғын үй төлемдері енді жалдамалы пәтер үшін емес, несиені өтеуге жұмсалады.  

Бұл да мереке қарсаңында баспана бұйырған отбасы . Капитан Әмина Әшенова мына пәтерді жалдап тұрған. Сөйтіп, үй иесімен «Әскери өнім» арқылы пәтерді сатып алуға келіскен көрінеді. Ол 2013 жылдан бері баспана кезеніде.  

Әмина ӘШЕНОВА, ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕР: 

Ал, осы мамыр айынан бастап бұл бағдарлама жаңартылып, өзгерістер енгізіледі дегенде қатты қуандық. Өйткені енді тек әскериге мемлекет тарапынан берілетін тұрғын үй төлемдері болса болғаны. Бағдарлама арқылы үй алуға болады.

Дәл осы бағдарлама шарттарын мемлекеттен тұрғын үй төлемдерін алатын барлық әскери қызметкерлер пайдалана алады. Ол үшін олардың конкурсқа қатысып, өзі қалаған пәтерді таңдап, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне хабарласса жеткілікті.  

Ләззат ИБРАГИМОВА, ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ БАСҚАРМА ТӨРАЙЫМЫ:  

Осы бағдарлама бойынша ешқандай шектеу жоқ. Әскери қызметкерлердің отбасы болса, олар осы 2-ші нарықтан үй сатып аламыз десе, жаңа пәтер сатып аламын десе, қаланың қасында ауылдарда сатып аламын десе оларға қазір рұқсат бар. Содан қазір барлық аймақтардан бірінші Астанадан сұраныс көп,екіншіден Алматыдан және үшіншіден Өскеменнан. Тағы да бүкіл аймақтардан өтініштерді жинап жатырмыз.

«Әскери өнім» бойынша несие сомасы тұрғын үй мөлшерінің көлеміне байланысты есептеледі. Яғни, тұрғын үй төлемі жеткіліксіз болса, онда әскери қызметкердің айлық жалақысы қарастырылады, немесе қосалқы қарыз алушының көмегіне жүгіне алады.  

Н. Біләл