Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Еспаеваның командасы колледж ұжымымен кездесті

AstanaTV
14.05.2019ж. 20:00
2771
Еспаеваның командасы колледж ұжымымен кездесті

Бизнесті қолдау! Президенттікке үміткер Дәния Еспаеваның сайлауалды штабы Ақмола облысының Ерейментау қаласындағы агротехникалық колледж ұжымымен кездесті. Биыл мұнда 200-ге тарта студент оқып жатыр. Келесі жылы «Серпін» бағдарламасы арқылы оңтүстік өңірден 50-ге жуық жас келіп қосылмақ. Кездесуде жастарды кәсіпкерлікке баулу, өз ісін ашу үшін несие алу жолдарын жеңілдетуге қатысты мәселелер қозғалды. Ерейментау ауданында 27 мыңға жуық халық бар. Басым бөлігі ауылшаруашылығымен айналысады. Айта кетейік, Еспаеваның сайлауалды платформасында шағын фермерлік шаруашылықтарды дамыту мәселесі қамтылған.  

Азат ПЕРУАШЕВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ ҮМІТКЕР Д.ЕСПАЕВАНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ ШТАБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:  

Олар әрі қарай жұмыс таба ала ма, жоқ па? Таба алмаса кәсіпкерлікке қай жолмен баруы мүмкін. Мемлекет тарапынан және Атамекен тарапынан оларға қалай қолдау көрсетуге болады,- деп өзіміздің пікірімізді білдірдік және кандидаттың бағдарламасында көрсетілген мемлекет тарапынан преференциялар мен ынталандыру туралы айттық.

М. Дюсекина