«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры мен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы биыл отандық өндірушілермен 10 оффтейк келісімшартын жасайды. Бүгін қос ұйым отандық кәсіпкерлікті бірлесе дамыту туралы келісімге қол қойды. Оффтейк шарты - бұл әлі шығарылмаған тауарларды сатып алу. Осылайша «Самұрық-Қазына» қазақстандық бизнестің дамуына жаңа серпін бермек. «Атамекен» палатасы болса «сатып алудың бірыңғай терезесі» жүйесін енгізіп, бизнестің ашықтығын қамтамасыз етіп, тәуекелді азайтпақ.
Тимур ҚҰЛЫБАЕВ, «АТАМЕКЕН» ҰКП ТӨРАЛҚА ТӨРАҒАСЫ:
Индустриалдық сертификаты бар компаниялар тауары «Самұрық-Қазынаға» жеткізілгенде 20 пайыз шартты жеңілдік алады. Бұл біз компанияларға шектеусіз көмек көрсете береді деген сөз емес. Есесіне кәсіпкерлерден де импортты алмастыру мен жүк тасу модернизациясы бойынша түсінікті, дұрыс бағдарлама ұсынуларын талап етеміз.
А. Сейфулла