Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Қазақстанда алғашқы венчурлық қор жұмысын бастады

AstanaTV
16.05.2019ж. 20:00
3695
Қазақстанда алғашқы венчурлық қор жұмысын бастады

Қазақстанда алғашқы венчурлық қор жұмысын бастады. Бүгін Астана экономикалық форумы аясында «Каз Тек Венчурс» қоры шетелдік әріптестермен тәжірибе алмасу ісін талқылады. Жаңа технологияларға негізделген бизнес жобаларға қаржы салуға мемлекеттің өзі бағыт-бағдар бермек. Абай Сейфуллаұлы жалғастырады. 

Венчурлық инвестицияға алғашқы қадамды Қазақстан былтыр бастаған. Парламент бұл туралы заң да қабылдады. «Бәйтерек» басқарушы холдингіне қарасты «Каз Тек Венчурс» енді ақылды старт-аптарға ақша салатын қорлардың құрылуына атсалысады. Инвестия құятын кезде сала таңдауды оқытады, көмектеседі.  

Әділ НҰРҒОЖИН, «БӘЙТЕРЕК» ҰБХ» АҚ БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ: 

Бұны портфель ретінде қарастырғанда мәселен, бір емес, он жеті компанияға салатын болсаңыз, арасында екеуі, үшеуі тәуір болады да өседі. Мәселен «Chokolife» сияқты бір үлкен деңгейге жетеді. Сол компанияны сату арқылы қалған ақшаны қайтаруға болады немесе үстінен пайда көруге болады.

Астана экономикалық форумында венчурлық капиталды дамытудағы мемлекеттің рөлі талқыланды. Қазақстан бұл жүйеде әсіресе, Сингапурдың тәжірибесіне сүйенбек. Себебі оңтүстік -шығыс елінде бұл бизнес соңғы 5 жылда қатты дамыды. Бізде «Алматы Смартпойнт», «Биинтек» компаниялары венчурлық жолмен жас ғалымдарға көмектесуді бастап кеткен. Сингапурдан инвесторлар тартқан. 

Эдвин ЧОУ, «ENTERPRISE SINGAPORE» БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

2003-2004 жылдары біз жас таланттарды шетелдерге жіберіп оқыттық. Сол жақтан олар венчурлық капитал туралы үйреніп келді. Нәтиже жақсы. Қазір мұндай компаниялар 4000-ға жетті. 10 млрд долларға 300 келісім-шарт жасалды. Маңыздысы - ақшаны нақты ғылым салаларындағы стартаптарға салу керек.

«КазТекВенчурс» қорының төрағасы Марат Омаров Қазақстанда талантты жастар көп, бірақ, ақылды ақша жоқ, дейді. Сондықтан қаржысы барларды қорықпай, жаңа технологиялар бизнесін бірге дамытуға шақырады. Жобалар «Бәйтерек» холдингінің қолдауымен жасалғандықтан, тәуекелді мемлекет те бірге бөліседі.  

А. Сейфулла