Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Қызылжарлық дәрігерлер өздерін заң тұрғысынан қорғауды сұрап отыр

AstanaTV
16.05.2019ж. 20:00
1750
Қызылжарлық дәрігерлер өздерін заң тұрғысынан қорғауды сұрап отыр

Қызылжарлық дәрігерлер өздерін заң тұрғысынан қорғауды сұрап отыр. Олар бұл өтініштерін өңірге жұмыс сапарымен келген парламент депутаттарына жеткізді. Былтыр денсаулық сақтау басқармасына 266 шағым келіп түскен. Арнайы тексерістен соң оның 14-і бойынша ғана дәрігер қателігі дәлелденіпті. Ал, негізсіз болып табылған шағымдардың авторларына шара қолданылмаған.  

Мақсат ҚҰДРАТУЛЛАЕВ, СҚО КАРДИОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ: 

Біздің елдің азаматтарының шағымдары егер де негізсіз болып табылса, болашақта ол ондай шағымдарды жазып, дәрігерлердің алтын уақытын алмайды деп ойлаймын. Заңдық жағынан, құқықтық жағынан жазаға тартылсын.

Депутаттар халыққа қызмет көрсету орталығында да болып, Үкімет жүктеген жобалардың іске асырылуы барысын бақылады. Мұнда 700-ге жуық қызметтің 67 пайызы электрондық форматқа көшірілген.  

Майра АЙСИНА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: 

Бұрын ата-аналар ең кемінде екі жұма жүгіруші еді бұл қызметті алу үшін. Қаншама құжат жинайды. Қаншама адамдардың қас-қабағына қарайды. Қазіргі кезде ешқайда барудың қажеті жоқ. Бір күннің ішінде сол бес қызметті үйде отырып сонымен ала беруге болады. Бүгінгі таңда осындай қызметті 104 мың ата-ана алып отыр.

А. Құрманкин