$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Бәсекелестіктің жоғынан азаматтарымыз артық шығындалуға мәжбүр - Қ.Тоқаев

AstanaTV
22.05.2019ж. 20:00
3291
Бәсекелестіктің жоғынан азаматтарымыз артық шығындалуға мәжбүр - Қ.Тоқаев

Дәрі-дәрмектің бағасы мен сапасын қатаң бақыланады. Ақтөбеде жұмыс сапарымен болған Мемлекет басшысы бұл туралы туиттердегі парақшасында жазды. Бәсекелестіктің жоғынан азаматтарымыз артық шығындалуға мәжбүр, дейді. Қасым-Жомарт Тоқаев жұртшылықпен кездесуінде өңірдің бірқатар шешілмеген мәселелерін де атап өтті. 

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Облыстағы орташа жалақының көлемі - 141 мың теңге, ал республика бойынша 168 мың теңге. Бұдан бөлек, бірқатар аудан тұрғындарының табыс көлемінде айтарлықтай айырмашылық бар. Лайықты жалақы - халықтың әл-ауқатына ықпал ететін маңызды фактор. Сондықтан, азаматтарымыздың табысын арттыру әрқашан менің басты назарымда болады. Тұрғындардың табыс көлемі облыс әкімдіктерінің жұмыс көрсеткішіне айналуы тиіс .

Бұдан бөлек, Үкіметке ақ халаттыларды артық жұмыстан босатуды жүктеді. Қазір Президент денсаулық сақтауды цифрландыру жүйесін өзінің жіті бақылауына алған. Қаладағы жол сапасы да Тоқаевтың сынына ұшырады. Аймақтағы жолдардың жартысы ойқы-шойқы. Ол үкімет пен жергілікті әкімдікке республикалық-аймақтық автожолдарды 2025 жылға дейін толық жөндеуді тапсырды. Бұны «Нұрлы жол» бағдарламасы арқылы іске асырып, қаржыландыруды тездету керектігін баса айтты. 

А. Бектас