Тесттен бас тартып, қайта емтихан енгізу керек. Президенттікке кандидат Жамбыл Ахметбеков Шығыс Қазақстан Экономика және қаржы колледжі студенттерімен кездесуде осылай деді. Ел болашағы үшін белсенді жастардың маңызды екеніне тоқталған кандидат студенттерді мазалаған сұрақтарға да құлақ түрді. Білім саласындағы реформаларды сынап, жатақхана санын көбейту және университетті тамамдаған соң жұмыспен қамту қажеттігіне назар аударды. Кездесу соңында білімпаздар Жамбыл Ахметбековтың тұғырнамасына қатысты сұрақтарын қойып, ел болашағы жайында пікір алмасты.
Жамбыл АХМЕТБЕКОВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ ҮМІТКЕР:
Қазіргі кезде біз балабақшадан бастап, орты білім беретін мектептер және ЖОО-ның барлығы бір жүйеде жұмыс атқарғаны дұрыс деп санаймыз. Біздің білім саласындағы реформалар тоқтамаса, біз тек реформалар үшін өмір сүрген болып кетеміз. Сондықтан жастардың білімі жақсы болсын десек, саладағы жүйені жақсарту керек.
Ә. Өмірзақ