Ақтөбеде көп жасаған қариялар алғашқылардың бірі болып өз таңдауларын жасады. Оның 14-і Ұлы Отан соғысының ардагері. Олар 100-ді алқымдаған. Бақыт Рахметова 104-тегі кейуана мен майданда болған ардагермен тілдесті. Бақыт, сөз кезегі өзіңізде.
Бақыт РАХМЕТОВА, ТІЛШІ:
Рақмет, Оксана! Ақтөбеде қариялардың белсенділігі жоғары. Әдетте ерте тұратын қариялар бұл жолы да сайлау учаскелеріне алғашқы болып келген.
Олардың бір ғасыр жасаған кейуана. 104 жастағы қария сайлау учаскесіне өз аяғымен келіп, таңдау жасады. Жәкібай әже алғаш рет 1937 жылдары сайлауға қатысыпты. Содан бері бірде бір сайлау науқанын қалдырмай қатысып келе жатқанын айтты.
Жәкібай БИСЕНҒАЛИЕВА, АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
«Жаңадан болайын деп жатқан соң дауыс беру керекпіз ғой. Үлкендерді сыйлайтын болсын! Халқына қарайтын бала болсын! Еліміз аман болсын!
Ақтөбе қаласында 300 мың сайлаушы бар. Олардың 2700-ден астамы денсаулығына байланысты үйінде дауыс берді. Ұлы Отан соғысының ардагері Петр Ходуста 101 жаста. Бұған дейін сайлау учаскесіне барып жүрген қария биыл үйінде дауыс беруге мәжбүр.
Петр ХОДУС, ҰОС АРДАГЕРІ:
Біз әртүрлі адамбыз. Бірақ бізді байланыстыратын бір нәрсе бар. Баршамыз Қазақстанға тек жақсылық тілейміз. Еліміз өсіп, өркендеп, адамдардың жұмысы болуын тілейміз. Біз таңдау жасаған адам - ол сәулетші. Ол - Қазақстанның болашағын жасаушы.
Ал елден жырақ жүрген ақтөбелік студент өзінің алғашқы дауыс беру сәтін видеоға түсірген. Наталья Левандовская Белоруссиядағы елшілікке әдейі келіпті.
Наталья ЛЕВАНДОВСКАЯ, СТУДЕНТ:
«Мен студентпін. Қазір Белоруссияда білім алып жүрмін. Бірақ елден жырақта жүргеніме қарамастан мен дауыс беруге келдім. Бүгін Минскідегі елдің елшілігіне үш жүзден астам өз отандасымыз келді. Барлығымыз өз болашағымызға таңдау жасаймыз».
Биыл сайлауда ақтөбеліктердің белсенділігі ерекше. Өңірде 520 сайлау учаскесі бар. Оның 150 облыс орталығында орналасқан.
Бақыт РАХМЕТОВА, ТІЛШІ:
Бүгін облыста тоғыз жүз мыңнан астам ақтөбелік сайлауға қатысып, өз таңдауын жасауы тиіс. Айта кетейік, түске дейін олардың алпыс пайыздан астамы өз дауысын беріп үлгерген. Оксана, мендегі ақпарат осы.
Рахмет, Ақтөбедегі сайлау науқанымен таныстырған тілшіміз Бақыт Рахметова болатын.