$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Мұнай өндірісін шектеу туралы ОПЕК+ келісімі ұзартылмаса, қара алтынның баррелі 30 долларға дейін төмендейді

AstanaTV
11.06.2019ж. 20:00
2052
Мұнай өндірісін шектеу туралы ОПЕК+ келісімі ұзартылмаса, қара алтынның баррелі 30 долларға дейін төмендейді

Мұнай өндірісін шектеу туралы ОПЕК+ келісімі ұзартылмаса, қара алтынның баррелі 30 долларға дейін төмендейді. Ресей энергетика министрі Александр Новакқа сілтеме жасаған Интерфакс агенттігі осындай хабар таратты. Ол ОПЕК+ елдерінің келесі кездесуінде оңтайлы шешім шығару үшін нарықтағы өнімнің артық өндірілуіне қатысты мұқият сараптама жасалуы керек деп отыр. Александр Новак мұны ресей-аба үкіметаралық комиссиясының отырысында мәлімдеді. Еске салайық, ОПЕК+тің мұнай өндірісін шектеу туралы келісімі 2017 жылдан бері бар. Альянс биылғы жылдың екінші жартыжылдығында бұл келісімнің тағдырын және оның ұзарту-ұзартпау жөнінде анықтауды жоспарлап отыр. Кездесу шілде айында Венада өтеді. 

Г. Меңдеева