Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Атырауда туберкулез дертін анықтайтын туберкулин жоқ

AstanaTV
19.06.2019ж. 20:00
3395
Атырауда туберкулез дертін анықтайтын туберкулин жоқ

Атыраулық дәрігерлер соңғы екі айдан бері балалар ағзасында туберкулез бар-жоғы анықтай алмай жатыр. Яғни манту сынамасы жасалмауда. Себеп - құрт ауруының алғашқы белгілерін көрсететін туберкулин препараты бітіп қалған. Ақ халаттылар ата-аналарды екпе алмай жатыр деп дабыл қақса, енді күте тұруға шақырып отыр. Мәселен, бір ғана №5 қалалық емханада 187 балаға манту сынамасы салынбаған. 

Заида ЕЛЕШОВА, №5 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАНЫҢ ОТБАСЫЛЫҚ ОРТАЛЫҚ МЕҢГЕРУШІСІ:

Мамыр айынан бері туберкулин мантуы жоқ. Жоспар бойынша 187 бала тұр. Біз осы айдың аяғына дейін келеді деп отырмыз. Ата-аналар сұрап жатыр. Бірақ біз оларды өзіміз шақырамыз. Біз оларға «вакцина бар кезде шақырамыз»,- дедік. Былай біз жоспарды уақытында орындап отырмыз.

Жалпы манту сынамасы 1 мен 15 жас аралығындағы қауіпті топқа жататын балаларға салынады. Мақсат - туберкулезді ерте жастан анықтау. Қауіпті топ дегеніміз - туберкулез ошағында тұратын, жиі ауыратын және басқа да аурулармен диспансерлік есепте тұратын балалар. Бұл топқа атыраулық балалардың 60 пайызы кіреді. Мамандардың айтуынша, биылғы жылдың бес айында сынама алуы тиіс 39 мың баланың 9 мыңына туберкулин егілмеді. Айта кетейік, Атырау - аталған дертпен аурушаңдық бойынша республикада алғашқы орында тұр. 

Алтын КӨШІМОВА, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ТУБЕРКУЛЕЗГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ДИСПАНСЕРІ БАЛАЛАР БӨЛІМШЕСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

Жасөспірімдердің аурушаңдығы республикадан екі есе көп. Себебі облысымызда ересектер арасында туберкулездің ашық түрімен ауыратын науқастар өте көп. Балалар сол ошақтан ауырып жатқан балалар.

Б. Нәдірқызы 

k