Мұнай бағасы барреліне 40 долларға дейін құлдырауы мүмкін. Бұл туралы Bank of America Merill Lynch сарапшылары хабарлады. Олар мұны Қытай мен АҚШ арасындағы сауда соғысы және әлемдік экономика қарқынының төмендеуімен байланыстырады. Мәселен, екі алпауыт арасындағы сауда шиеленісі күшейсе Қытай Иранға қарсы санкцияларды сақтаудан бас тартып, Иран мұнайын сатып алуды қайта бастайды. Бұл WTI маркалы мұнай баррелінің құнын 40 долларға төмендетуі ықтимал. Бүгінде ол 60 долларға саудаланады. Вашингтонның Иранға қарсы санкциясына дейін Аспан асты елі тәулігіне 600 000 баррель мұнай импорттайтын. Яғни Иран экспортының 30 пайызы Қытайға сатылды. Бірақ, былтыр Бейжің АҚШ-тың санкциялары үшін Иран мұнайынан бас тартқан.
Ә. Өмірзақ