Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Елімізде Ұлттық бірыңғай тестілеудің алғашқы күні 13 мыңнан астам түлек өз білімін сынады

AstanaTV
20.06.2019ж. 20:00
3274
Елімізде Ұлттық бірыңғай тестілеудің алғашқы күні 13 мыңнан астам түлек өз білімін сынады

Елімізде Ұлттық бірыңғай тестілеудің алғашқы күні 13 мыңнан астам түлек өз білімін сынады. Ал мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің твиттер парақшасында жауапты мемлекеттік органдарға ҰБТ-ны заңға сәйкес өткізіп, түлектердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды. Осымен 16-шы рет өткізіліп жатқан ҰБТ-ның ережесінде биыл айтарлықтай өзгеріс жоқ. Астаналық түлектердің алғашқы легі тесті қалай тапсырды? Әлішер Өмірзақ тарқатады.

Қобалжыған түлектер, алаңдаған ата-ана. Бүгін еліміздің түкпір-түкпіріндегі таңғы көңіл күй. Тақымын қысқан "жанкүйерлер" сыртта сарыла күтіп тұрса, іште қатаң тексерістен өтіп, түлектер тестке бет алып жатты. Бұған дейінгі жылдары оқушыларды тініту кезінде дөрекілік көрсеткен видеолар кең тарап кеткен еді. Биыл Президент те, Премьер де алдын ала ескерту жасады. Алтын белгіге үміткер Санжар Асқарұлы да бар. Мақсатым ата-анасы мен ұстаздардың үмітін ақтау дейді.

Санжар АСҚАРҰЛЫ, ТҮЛЕК:

Азаңмен келдік, әке-шешем де күтіп тұр. Құдай қаласа енді ақтап шығамыз, соған сенемін.

Өз біліміне күмәнданғандар, гаджет алып кіруге тырысып жатыр. Сондықтан бір адамды тексеру бірнеше минутқа созылды. Ата-аналар баласының күні-түні дайындығын қадағалап, моралдық-психологиялық қолдау көрсеткен. Десе де, көбісі қобалжып тұр.

Алмагүл ӘБДІКӘРІМ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Өзі де былай сабққа жаман емес, жақсы ойнайды. Сондай да бала үшін переживать етесің ғой. Дайындығымыз былай жаман емес... Бар ғой енді, бар ғой. Бәрімізде де бар ғой ол.

Елімізде Ұлттық бірыңғай тест тапсыруға биыл 118 мыңға жуық түлек ниет білдірген. Оның 96 мыңнан астамы мектеп бітірушілер, ал 20 мыңнан астамы көлледж түлектері. Басым бөлігі қазақ тілінде тапсыруды таңдаса, 28 мыңы орыс және 181 түлек ағылшын тілінде. ҰБТ-ның алғашқы күні болашақ студенттерге сәттілік тілеген Министр, грант саны былтырғыдай болатынын айтты. 

Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ, ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІ:

Жалпы биылғы жылы 53 мың грант бкакалавриатқа бөлініп отыр. Жалпы бұл біздің балаларымызға білім алуға, ЖОО-ға түсуге үлкен мүмкіндік береді.

Алғашқылардың бірі болып шыққан Карина Адамова аса қиын және түсініксіз сұрақтар кездескенін айтады. Бар үміті университетке ілігетін, шекті балдан асып түсу.

Карина АДАМОВА,ТҮЛЕК:

Менің таңдау пәнім ағылшын және дүниежүзі тарихы. Көбіне түсініксіз сұрақтар келді. 80 балдың төңірегінде жинаған шығармын деп үміттенемін. Мақсатым Қазақсатндағы Жоғ,ары оқу оырндарының біріне түсу.

Түлектер ҰБТ-дан неше балл жинағандарын бірнеше сағаттан кейін @edu.gov.kz_bot telegram-боты; edu.mail.kz және www.testcenter.kz сайты арқылы біле алады. Сондай-ақ қандай да бір заң бұзушылықты байқаған жағдайда экрандағы Министрліктің нөмеріне хабарлассаңыз болады.

Әлішер ӨМІРЗАҚ, ТІЛШІ:

Осылай ҰБТ-нын алғашқы күні артта қалды. Республика бойынша 13 мың түлек тапсырды. Қалған 8 лек маусымның 30-на дейін сынақтан өтуі тиіс. Еске сала кетсек Ұлттық біріңгай тестілеу елімізде осымен 16-шы рет откізіліп отыр.

Ә. Өмірзақ