Ресей Арыстағы жарылыс салдарын жоюға көмектесуге әзір. Ресейдің Қазақстандағы елшілігі осындай ұсыныс айтты. Ал қаза тапқандардың туған-туыстарына көңіл айтып, жапа шеккендерге қолдау білдірді.
Александр КОМАРОВ, ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ РФ ЕЛШІЛІГІНІҢ АҒА КЕҢЕСШІСІ:
Бауырлас Қазақстанның қайғысына ортақпыз. Қандай да бір көмек керек деп сұрататын болса көмектесеміз. Мәселен, бізде тәжірибелі мамандар көп. Өз кезегінде Түркия да, Индонезия да төтенше жағдайдың салдарымен күрескен. Солардың бір септігі тиіп қалар.
Арыстағы әскери бөлім қоймасында жарылыс 24-і күні тұтанып, қалада төтенше жағдай жарияланды. 45 мың адам көшіріліп, жұмыс тобы құрылды. Ал апат себебін анықтау үшін арнайы комиссия де іске кіріскен болатын.
Ә. Өмірзақ